Astana IT University мемлекеттік мақсатты гранттар конкурсына қатысуға өтініш беру
Онлайн кеңес алу
ASTANA IT UNIVERSITY ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ
Astana IT University мақсатты мемлекеттік грантына қалай өтінім беру керек туралы қадамдық нұсқаулық
Мақсатты грант деген не?
Мемлекеттік нысаналы гранттың жалпы білім беретін мемлекеттік гранттан айырмашылығы, олар белгілі бір жоғары оқу орындарына бөлінеді. Сондай-ақ, мақсатты грант иегерлеріне стипендия беріледі.

Мақсатты грант конкурсына өтініш беретін үміткерлерге арналған шарттар:
1. Құжаттардың толық тізбесінің болуы;

2. ҰБТ-ның жалпы баллы 65 балдан төмен емес және әр пән бойынша 5 балдан кем емес болуы;

3. Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты 2020 жылғы болуы тиіс (20 маусым – 5 шілде аралығы);
Грантқа қалай өтініш беруге болады?
1. Қажетті құжаттардың келесі тізімін жинау:

• Astana IT University ректорының м.а. атына қолхат (жүктеу);
• Ата-анасының біреуінің жеке басын куәландыратын құжаттың скан үлгісі (кәмелет жасқа толмаған талапкерлер үшін);

• Жеке басын куәландыратын құжаттың скан үлгісі;

• Білімі туралы құжаттың скан үлгісі;

• ҰБТ электрондық сертификаты;

• Басым құқықты растайтын құжаттың скан үлгісі (бар жағдайда);

• 3×4 электрондық фото;

2. Өтінішті беттің төменгі жағында толтырып, құжаттардың скан үлгісін бекіту;

*** Ескерту: Грантқа өтініш беру кезінде, егер сіз digital journalism оқу бағдарламасына түссеңіз және Astana IT University-де шығармашылық емтихан тапсырған болсаңыз, сізге оқу бағдарламаларының тек бір тобын (B042) көрсету қажет.
Қалған жолдарды толтыру қажет емес (№2, №3, №4).
Оқу бағдарламалар топтары бөлінісіндегі гранттар саны:
522
Astana IT University коды
Бұл кодты мемлекеттік нысаналы гранттар ұтысына қатысуға тіркеу кезінде "ЖОО коды" бағанында көрсету қажет
Басым құқық дегеніміз не?
ЖОО мақсатты гранттарды бөлу кезінде, егер 2 және одан да көп үміткерде Бірыңғай Ұлттық Тестілеудің нәтижелері бірдей болса, даулы жағдайлар туындайды. Бұл жағдайда бірінші кезекте грант басым құқығы бар талапкерге бөлінеді.

Өтініш беру кезінде, міндетті түрде, басым құқықты растайтын құжаттың немесе құжаттардың сканерленген нұсқасын тіркеу қажет.
Басым құқығы бар талапкерлер санатына:
1) "Алтын белгі" белгісімен марапатталған адамдар;

2) Отансүйгіштік пен белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен марапатталған тұлғалар;

3) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білімі туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар;

4) Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын жалпы білім
беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстары мен спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздары, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша осы жылғы Президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (бірінші, екінші және, екінші және үшінші дәрежелі) таңдаған мамандықтар пәніне сәйкес олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың жеңімпаздары;

5) Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған Қазақстан Республикасының азаматтары, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерге теңестірілген адамдар, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға болатын бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар және үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар мүгедекер;